Жаңалықтар

ҚББП жоспарына сәйкес “Сенім жәшігі” тренингі 4”Г”сынып оқушыларына өткізілді.
Мақсаты:
1.Балалардың сенімін арттыру – өз ойын айтуға ұялмауға, өзіне және өзгеге сенуге үйрету.
2.Эмоцияны тану және басқару – балалардың өз сезімдерін тануына және дұрыс жеткізуіне көмектесу.
3.Жағымды қарым-қатынас орнату – достары мен мұғалімдерімен түсіністікке келу жолдарын көрсету.
4.Сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастыру – бір-бірін қолдау мен құрметтеу дағдыларын дамыту.
Өткізген :Педагог психолог Нурымбетова К.

ҚББП жоспарына сәйкес “Мен мамандық таңдаймын”атты сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларды әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру, олардың маңыздылығын түсіндіру, болашақ кәсіби бағытын анықтауға көмектесу және саналы түрде мамандық таңдауға ынталандыру.
Өткізген:5”ж”сынып жетекшісі Ибайдуллаева Р

ҚББП жоспар бойынша “Адал еңбек-Адал табыс” атты 9 сыныптарға тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларға адал еңбектің маңыздылығын түсіндіру, еңбексүйгіштікке, әділдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу және адал табысқа жетудің жолы – таза, маңдай термен келген еңбек екенін ұғындыру.
Түрлі мамандықтармен таныстыру,еңбек нарығындағы сұранысқа ие салалар жайлы мағлұмат беру.
Өткізген:ҚББП Аманқосова Ш

“Жетістікке жету мотивациясы, сәтсіздіктен қорқу” тақырыбындағы 10 сынып оқушыларына мамандыққа байланысты тренинг өткізілді.
 Мақсаты:
Қатысушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету арқылы жетістікке жету мотивациясын арттыру және сәтсіздіктен қорқу сезімін жеңу жолдарын үйрету. Сонымен қатар, мамандық таңдаудағы ішкі және сыртқы мотивациялық факторларды талдау, қорқыныш пен күмәнді жеңу стратегияларын дамыту.
•Жетістікке жету жолындағы тұлғалық кедергілерді анықтау;
•Мамандық таңдау мен кәсіби мақсат қою дағдыларын қалыптастыру;
•Өзін-өзі бағалау мен сенімділікті нығайту;
Өткізген:Нурымбетова К
ҚББП:Бердиханова С

Фотогалерея