Жаңалықтар

Жаңалықтар

🕹️ Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы жасалуда

💡 Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ақпараттық картасын әзірлеуде. Бұл платформа елдегі колледждер туралы кешенді әрі өзекті деректерді бір цифрлық картада және ыңғайлы форматта ұсынады.

➡️ Толығырақ gov.kz сайтында

➖➖➖

🕹️ Информационная карта организаций технического и профессионального образования создается в Казахстане

💡 В рамках Года рабочих профессий НАО «Talap» Министерства просвещения РК разрабатывает информационную карту технического и профессионального образования. Платформа аккумулирует комплексные и актуальные данные о колледжах страны на одной цифровой карте и в удобном формате.

➡️ Подробнее на сайте gov.kz

🏫 Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 4 спорт залы бар, заманауи пәндік кабинеттер, алғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар қарастырылған

“Тәуелсіздік – Ел тұғыры” спорттық сайысының мақсаты:
1.Тәуелсіздіктің құндылығын дәріптеу: Ел егемендігі мен тәуелсіздіктің маңыздылығын жастар арасында насихаттау, патриоттық сезімді қалыптастыру.
2.Салауатты өмір салтын насихаттау: Қатысушыларды спортқа баулу арқылы белсенді әрі дені сау ұрпақ тәрбиелеу.
3.Жігер мен қайратты шыңдау: Спорттық сайыстар арқылы қатысушылардың рухын көтеру, командалық жұмыс пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
4.Ұлттық құндылықтарды сақтау: Ұлттық спорт түрлерін таныту арқылы мәдени мұраны насихаттау.
5.Бірлік пен достықты нығайту: Спорт арқылы қатысушылар арасында татулықты, достықты және ауызбіршілікті арттыру.
Өткізген:Бердиханова С
Турсунбаева  Ж

2023-2024 оқу жылының қорытындысы негізінде 16 желтоқсан мерекеге орай
2-11 сыныптар арасындағы үздіктерді марапаттау шарасы өткізілді.
Отбасында екі немесе одан да көп үздік балалары бар ата-аналар Алғыс хатқа бөленді.
Аудандық, облыстық, республикалық олимпиададан жүлделі орын алған оқушылар мен қоса аудандық түрлі шараларға қатысып орын алған оқушылар да марапатталды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде орын алған
Ағылшын тілі пәні бойынша
11 сынып оқушысы Джанбирбай Аружан 2-орын 🥈иеленіп, Облысқа жолдама алды жетекшісі: Бакенова Үзіл Екібаевна
МАРАПАТТАЛАДЫ !!! Құттықтаймыз💐💐💐💐

Жаңалықтар

ЖЕЛТОҚСАН-БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ⚜

16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі күніне орай 5-сынып оқушыларымен
«Тәуелсіз ел — Қазақстан» челленджі өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Оқушылардың бойында мемлекеттік мерекміз, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту. Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу.

Педагог ұйымдастырушы: Хыдыршаева Ж.Ж

#Біртұтас_тәрбие
#Тәуелсіздіккүні
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау
#құндылықтарганегізделгенбілімберу
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
@munaily_bilim

Мамандық таңдау мәселесі-адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам.
Мамандық таңдау әрбір адамның мұқиятылығын қажет етеді.Осы орайда мектебімізде “ Мамандығым-мақтанышым” тақырыбы аясында 10 “Г” сынып жетекшісі Илюбаева Р.И ата-аналар жиналысын өткізді.Ата-аналарға мамандықтарға байланысты толық ақпарат берілді.

Жаңалықтар

15.11.2024 күні мектебімізде аудандық білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары арасында “Менің өлкемнің тарихы” атты байқау өтті.

Байқаудың мақсаты: Өлке тарихын және рухани мұрасын жан-жақты танып, зерделейтін, талдау жасай білетін оқушыларды анықтау.

Байқау екі айналым бойынша өткізілді: бірінші айналымда оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берсе, екінші айналымда “Менің туған өлкем” тақырыбында эссе жазды.

Фотогалерея