Жаңалықтар
12.11.2025 ж күні аудандық аудандық мониторинг мүшелерімен бірлесе асхана жұмысы тексерілді.
Тексерудегі мақсаты : асхана жұмысшыларының денсаулығын байқау, және гигиена ережелерін сақтауын қадағалау, санитарлық кітапшаларының болуы, мерзімдерін бақылау.
Асханаға түскен өнімдердің сертификаттарын тексеру.





🍽️ Мектеп асханасы – оқушылардың дұрыс әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз ететін маңызды орын.
Мектептің бракераждық комиссиясы асхананың жұмыс барысын, санитарлық талаптардың сақталуын және тағам сапасын тексеру мақсатында жоспарлы бақылау жүргізді.
✨ Денсаулығы мықты ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
Сондықтан мектеп ұжымы оқушылардың дұрыс тамақтануын үнемі басты назарда ұстайды.
Мектеп әкімшілігімен брокераждық комиссия мүшелерінің қатысуымен асхана жұмысына бақылау жүргізілді.
Мақсаты: оқушылардың тамақтануымен, ас мәзіріне сәйкес беріліп жатқан тамақтың сапасын тексеру.
Орындаған мектептің әлеуметтік педагогтері.
18.09.2025ж күні 1сынып оқушыларына пайдалы және зиянды тағамдар бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: пайдалы тағам мен зиянды тағамдардың айырмашылығын түсіндіру. Тағам құрамындағы дәрумендер мен зиянды қоспалар туралы түсінік беру.
Ұйымдастырушы: мектептің әлеуметтік педагогтері.
Мектебіміздің асханасы жаңа оқу жылындағы жұмысын бастады.
Мақсаты: Оқушылардың сапалы қауісіз және уақытылы тамақтануын қамтамасыз ету арқылы білім алушылардың денсаулығын нығайту, оқу үрдісінде белсенділігін арттыру және әлеуметтік қолдау көрсету.
Асхана жарық, таза, мамандар жеткілікті.

Әлеуметтік әмиян бойынша асхана кәсіпкері мен ондағы қызметкерлермен жиналыс өткізілді. Әлеуметтік әмиянның пайдасы түсіндірілді.
Тарының пайдалы қасиеттері 11.04.2025ж.
Тары ботқасының пайдасы туралы айтатын болсақ — бұл өте құнарлы әрі дәруменге бай тағам. Қазақтың дәстүрлі ас мәзірінде тары ботқасы маңызды орын алады және оны балалар мен ересектерге де жеуге кеңес беріледі.
Тары ботқасының пайдасы:
Асқорыту жүйесін жақсартады Тарыда көп мөлшерде табиғи талшық бар. Тары – глютенсіз жарма, яғни бидай өнімдеріне аллергиясы бар адамдарға өте қолайлы. Энергия көзі .Тары ботқасы көмірсуға бай, сондықтан денеге ұзақ уақытқа қуат береді. Бұл – таңғы асқа таптырмас тағам. Анемияның алдын алады .Тарыда темір де бар. Ол қан түзуге қатысады, яғни қаназдықтың (анемия) алдын алуға көмектеседі. Құрамында В тобының дәрумендері бар — олар жүйке жүйесін тыныштандырып, иммунитетті нығайтады.
Балалар үшін тары ботқасы – өте пайдалы, себебі ол сүйек пен бұлшықет дамуына қажет кальций мен фосфорға бай.
Өткізген:
Асхана диетолог маманы: Төребаева А.К.
Әлеуметтік педагог: Келесбаева А.Б.





Салауатты тамақтанудың 10 қарапайым ережесі.
Мақсаты: Мектеп оқушыларына дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, денсаулықты сақтау және оқушылардың ағзасына қажетті қоректі заттарды теңгерімді түрде қабылдауын қамтамасыз ету.
Мектеп асханасы. Сауалнама.
Мақсаты: Мектеп асханасының ас мәзірі мен тағамдардың сапасы туралы пікір жинау. Дұрыс тамақтану саласындағы оқушылардың сауаттылық деңгейін анықтау. Мектеп асханасының кемшіліктерін білу.






Қараша-Әділдік және жауапкершілік айына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес»Үйден тыс тамақтану»тақырыбында дағдылар қалыптастыру мен практикалық кеңестер беру мақсатында 11 сыныптардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мектеп медбикесі Казиева Жадыра үйден тыс тамақтану кезінде ағзада болатын өзгерістер,дұрыс тамақтана білудің ережелері жөнінде өз кеңестерін айтты, оқушылар да тамақтану мәселесі бойынша талқылау жүргізіп,өз пікірлерімен бөлісті.
Өткізген: 11 сынып жетекшілері

